ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Тәуелсіздік күні қарсаңындағы марапат
16 декабря 2018

Бүгін Тараз қаласындағы «Баласағұн» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Осы жиында өңірдің дамуына қомақты үлес қосқан, елеулі еңбектері еліне танылған азаматтарға Елбасының Жарлығымен мемлекеттік марапаттар табыс етілді. Осындай құрметті марапаттардың біріне, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының ұсынуы бойынша, Мойынқұм ауданында орналасқан «Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалы қызметкерлерінің «Бәйтерек» кәсіподақ ұйымының төрағасы Байсерік Бақбергенов ие болды. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов саладағы 40 жылдан астам табысты еңбегі үшін Байсерік Бақбергеновке мемлекеттік награда «Еңбек даңқы» орденін салтанатты түрде табыс етті.

«Бәйтерек» кәсіподақ ұйымының белсенділері еңбек адамынын қажырлы қызметін елеп, қолдау көсеткені үшін Кәсіподақтар Федерациясына алғыс білдіреді.

«Бәйтерек» кәсіподақ ұйымының

баспасөз қызметі

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail