ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Комбинат ұжымының ізгі істері
3 апреля 2019

Жыл сайын Еуразиялық топ дәстүрге айналған қайырымдылық марафонын үзбей өткізіп келеді.   Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері «Наурыз – игі істер айын» осы жолы қала тұрғындарына таңғы көңіл-күйде шоколадтар таратудан бастады.

Комбинаттың жастар кеңесі мен кәсіподақ комитеті қала тұрғындарына көңілге қонымды сөздер оралған тәттілер таратты. Әдемі әрі көңілді сый-құрметке, кішігірім сыйлыққа бөленген жандар қызметкерлерге өз алғыстарын жеткізді. Бұл сөздің өзі сол күні үлкен мәнге ие болды. Себебі, бірінші Наурыз – елімізде «Алғыс айту» күні екені белгілі.

«Қайырымды істер» сабағы бірінші сынып оқушыларын да белсенділікке шақырды. Ашық сабақ үстінде әр бүлдіршін «мейірімділік» деген сөздің мағынасын үлкендердің көмегінсіз-ақ өз түсініктерінде жеткізе білді.  Бұл – сол күннің ең шынайы эмоциялары мен мейріміге толы сағаттардың бірі еді!

Кен байыту және кесектеу фабрикасының қызметкерлері қамқорлығында 104 тәрбиеленушісі бар Жайсаң арнайы білім беру ұйымына барып қайтты. Сапар барысында оқу құралдары мен ерекше сыйлықтарды үлестіріп, балаларға көтеріңкі көңіл сыйлаған фабрика қызметкерлері игі істердің ізін жалғады.

Жылдан-жылға адамзатты бір-біріне бауырмал етіп, жақындастырып келе жатқан  «Наурыз –  игі істер айы» акциясы «Молодежная» шахтасында жәрмеңкемен жалғасын тапты. Бұл жәрмеңкеге 60-тан аса адам қолдан пісірілген дәмді тағамдар мен қол өнер бұйымдарын дайындап әкелген болатын. Мерекеге шахтаның барлық бөлімдері мен № 1 жөндеу цехының ұжымы қатысты.

Жәрмеңкеден жиналған 130 мың теңгеге жуық қаражат алдағы уақытта Хромтау ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қажетіне жарайтын болады.

Аталмыш акция төңірегінде № 1 жөндеу цехының қызметкерлері "Хромтау ауданының отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жүздесіп, мейірімділік пен жылулыққа толы кездесу кешін де өткізіп келді. Комбинат қызметкерлері балалармен теннис, шахмат ойындарынан өз араларында кішігірім жарыс өткізіп, ондағы ұл-қыздардың өнерлерін тамашалады. Игілікті істерге, бірлікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, шақыратын Наурыз мерекесі осы жылы да бүлдіршіндердің қуаныштарына себеп болды.

№ 1 жөндеу цехынан бөлек, «Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы» шахтасының қызметкерлері де болашағынан зор үміт күттірер балалардың көңілін көтеруге сыйлықтарын алып, балалар үйіне қонақ болып қайтты. Оларға қолайлы болуы үшін үйлеріндегі сантехникалық шағын жөндеу жұмыстарын жасап та үлгерді.  

Ильгиза Карипова – бүгінгі күні ол жалғыз өзі тұрады. Осы орайда, жастар кеңесі қайырымдылық акциясын қарттарға қолғабыс ете отырып, әрі қарай жалғауды жөн санады. Олар кәсіподақ комитетінің қолдауымен Ильгиза әжейге барып, үй ішін тазалап, ақтап, азық-түлік пен қажетті заттарын апарып үлкен кісінің алғысына бөленді.

Жақын күндері «Дөң» кеніші мен тау-кен көлік тасымалдау цехы қызметкерлері комбинаттың ардагерлеріне барып, ізгі іс жасап келуді жоспарлаған болатын. Қарттық шағында оларға қолдау көрсетіп, үй шаруасындағы тірліктеріне көмектескен қызметкерлердің игі істері мұнымен аяқталмайды. 

Кен байыту және кесектеу фабрикасының ұжымы науқастанып, күрделі ота жасатқан әріптестеріне 300 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті. Жақындарынан бөлек, әріптестерінің қолдауы ие болған қызметкер жұмыстастарына өз ризалығын жолдауда.

Орталық зертхана ұжымы «Наурыз – игі істер айы» акциясында шуақты сенбі күндерінің бірінде Хромтау орталық ауруханасының балалар бөліміне барып, оларды Наурыз мерекесімен құттықтап келді. Қызметкерлер балалар бөлімінде емделіп жатқан барлық балаларға тезірек сауығып кетуін тілеп, комбинат кәсіподақ комитетінің қолдауымен ойыншықтар мен қызықты кітаптар, балаларға қажетті оқу құралдарын сыйлап, емделуге келген әр сәби ол жақта тек ем қабылдап қана қоймай, пайдалы әрі өздері қалаған іспен шұғылдана отырып, бойларындағы сырқатты ұмытсын деген ақкөңілдерін осылайша жеткізді.

Қайырымдылық – ізгіліктің анық көрінісі. Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі десек, Дөң тау-кен байыту комбинатының ұжымы игі істер акциясын әр жыл сайын кәсіподақ комитетімен бірлесе өткізіп келеді. Бұл дәстүрдің жібі үзілмейді де.


Арайлым Ғани

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 9 + 6 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама