ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Олар – әрқашан назарда
11 апреля 2019

Қайырымдылық акциясы керемет мейірімге толы ізгі іспен қорытындыланды. Шуақты сенбінің бірінде Дөң тау кен байыту комбинаттың кәсіподақ комитеті мен Жастар кеңесі мүмкіндігі шектеулі балаларға пайдалы әрі спорттық шара өткізді.

Шараға келген балалардың қуаныштарында шек болмады. Сенбілік таңда дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің бірінші қабаты көңілді атмосфераға толы болды. Бүлдіршіндер, түрлі мультфильм кейіпкерлері, сарғылт түсті шарлар мен әдемі фотосессиялар да жасалды. Бұл күні мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып спорттық шара өткізілген еді. Жастар кеңесі шара қонақтарын күтіп алып, оларға футболкалар мен сарғылт түсті фуражкалар тарту етіп, екінші қабатта өтетін спорттық алаңға тамаша көңіл-күймен шығарып салды. Түрлі қызықты ойындар жүргізіліп, комбинаттың жас мамандары шараның өтуіне белсенді атсалысты. Бұл игілікті істің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың үнемі назардан тыс қалмайтындарын өздері мен ата-аналарына сезінту, ұғындыру еді.

– Бүгінгі өтіп жатырған спорттық шара отбасымызға қатты ұнады. Мен бүгін қызымды әкелдім. Бүгінгі қызықты шарадан қызым сергіп, үйімізге сыйлықтармен қуанып қайтудамыз. Комбинат әкімшілігі және  кәсіподақ комитеті өзқызметкерлерінің отбасына әрқашан қолдау көрсетіп келеді. Комбинат біз секілді отбасыларды ешқашан ұмытқан емес. Ал бүгін қызым қуанышты. Біз үшін бастысы да – осы,дейді ата-ана Тулешова Айымгүл.

Бұл бір ғана ата-ананың ризашылығы емес. Комбинаттың дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өткен спорттық шараға 45 отбасы келді.Олардың барлығы балаларының қуанышты сәттерін көріп, бақытты. Шара барысында балалар волейбол, жыланша із, шығыршықтан кедергілерсіз өту секілді түрлі ойындар ойнап, шаттанды.

–Бүгін ұлымның шаттанған жүзің көріп, оның басқа балалардан өзің кем санамай, ойындар ойнап, жаңадан достар табуы – біздер үшін осыдан асқан бақыт жоқ. Өзім бұл өңірдің тумасы болмағандықтан, отбасым ауылда тұратын еді. Комбинаттың игі істерінің арқасында биыл баспаналы болып, отбасымды Хромтау қаласына көшіріп әкелдім. Қазір комбинаттың берген үйінде жанұямызбен берекелі тұрудамыз. Ал бүгінгі шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Кәсіподақ ұйымы мен Жастар кеңесінің жалынды жастары да мүмкіндігі шектеулі балаларымыздың ойнап-күлуіне барынша тырысып жатыр. Алғыстан басқа айтарым жоқ,– дейді Қазақстан Тәуелсіздігің 10 жылдығы» шахтасының қызметкері Балмағанбетов Анарбек.  

Баланың жүзіндегі қуаныш –  кез-келген ата-ана үшін бақыт. Жылу мен қайырымдылыққа толы акция төңірегінде жылына екі рет мүмкіндігі шектеулі балалармен осындай шара өтіп тұрады. Өздерің өзге балалардан кем санамай, олардың да көп нәрсеге мүмкіндіктері бар екендіктерін жеткізу, балалардың бір-бірімен тіл табысып, достасуын қалағандықтан, кәсіподақ комитеті бұл жолғы игі істі спорттық көңіл-күйде өткізуді жөн санады.Әлемде «мейірімділік» деген ұғымның мәні тереңде жатса, олардың ата-аналарына балаларының ұмыт қалмай, әрқашан қоғамның назарында жүретіндерін естеріне салды.Бір жас пен 18 жас аралығындағы 81 бала комбинаттың кәсіподақ комитеті мен Жастар кеңесінің ұйымдастырған шарасының қонағы болды. Шара соңында кәсіподақ комитетінің төрайымы Раушан Бекмуханова сөз сөйлеп, балаларға арнайы сыйлықтар үлестірілді.

Арайлым Ғани

Владимир Трошиннің фотосуреттері

 

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 8 + 5 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама