ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Менің отбасым – менің қуанышым
4 мая 2019

Дөң тау-кен байыту комбинаты кәсіподақ комитетінің қолдауымен және Жастар Кеңесінің ұйымдастыруымен «Менің отбасым – менің қуанышым» отбасылық клубының шарасы өтті. Комбинаттың жеті​ жас отбасылы қызметкерлері қатысқан шара ерекше көңіл-күймен аяқталды. 

Қатысушылардың алғаш қалай танысқандарын әңгімелеуден бастап, бірін-бірі қаншалықты жақсы білетіндері жайында отбасылық сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды.  Алты айналымнан тұрған ойында аса белсенділік танытып, екі сағатқа созылған шарада олар отбасылы достарға да айналып үлгерді.

- Бұл клуб идеясы 2017 жылдан бастап қолға алынған болатын. Биыл міне, сіздің лекпен тағы да қызықты, мағыналы кездесудің қатысушылар саны толығып жатыр. Дөң тау-кен байыту комбинатың 60%-ы отбасылы қызметкерлер. Сондықтан, біз осындай шаралар арқылы  сіздердің тек қана жұмыста жүрмей, өздеріңіздің, балаларыңыздың өмірі, алтын уақыттары «отбасы ошағы» деген әдемі ұғыммен астасып жатқандығын сезіне білсін деген ниетті алға қоямыз, - дейді кәсіподақ комитетінің төрағасы Раушан Бекмуханова. Шараның басты мақсаты – отбасы құндылығын сақтау. Комбинат әр кез өз  қызметкерлерін жоғары бағалайды.

Отбасылық ойында бірінші орынды Бримжановтар отбасы иеленді.

Мағыналы отбасылық шарада барлық қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етіліп, барлығы "Менің отбасым – менің қуанышым " отбасылық клубының төсбелгісіне ие болды.

Арайлым Ғани

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 7 + 7 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама