ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Түлектер ұшқан күн
23 мая 2019

Нариман Асылхан мен Жасмин Сейітова Дөң тау-кен байыту комбинатының Кеншілер мәдениет үйіндегі эстетикалық бағыт мектебінің үздік түлектері атанды. Олар – осы мектептің 16-түлегі болып қанаттанды. Қос үздік келесі жылғы қоштасу кешін жүргізетін болады.

Бітіруші түлектер үш жыл бойына үйренген, бойларына жинаған өнерлері мен білімдерін көрсетіп, ата-аналарын қуантты. Дарындылықтарымен қоштасу кешін қағазсыз-ақ тізгіндеген жүргізушілер де осы мектептің өткен жылғы үздік түлектері. Бірнеше тілде сәлемдескен қатысушылар қазақ тілінде қойылған түрлі сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, орыстың халық ертегісі «Теремокты» ағылшын тілінде сахналап, поппури ән шырқап, заманауи стильде би билеп, ұстаздарының үйреткен тамаша дүниелерін барша көрерменге паш етті. 11 қатысушыға мектеп бітіру дипломы мен бағалы сыйлықтар табысталып, кәсіподақ комитетінің төрайымы Раушан Бекмуханова оларға ақжол тіледі. Сонымен қоса, қатысушылардың ата-аналарына да кәсіподақ комитетінің атынан Алғыс хаттар табысталды.

– Бүгін ата-аналар мен ұстаздар үшін ерекше сезімге толы күн болды. Эстетикалық бағыт мектебінің тағы бір топ түлектері түлеп ұшты. Мектеп 2000 жылы кәсіподақ комитетінің қолдауымен ашылған болатын. Алғашқы үш жылда балалардың қабілеттеріне қарай ашылған арнайы үйірмелерді игере алуын бақылаған болатынбыз. Кейіннен 2003 жылы бұл мектептің алғашқы түлектерін шығардық. Әр жыл сайын ондаған отбасының шаңырағына мектеп табалдырығын аттайтын ақылды да жан-жақты балапандар ұшып келетіндей. Мақсат та осында. Яғни, балалардың уақытын тиімді өткізу, олардың барлық өнерден хабардар болуын қамтамасыз ету.   Бұның барлығы – тәлім берген ұстаздардың еңбегі, -деді кәсіподақ комитетінің төрайымы Раушан Бекмуханова.  

Сонымен қатар, ата-аналар балаларының тұлға болып қалыптасу жолында аянбай еңбек еткен ұстаздар қауымына алғыстары ретінде гүл шоқтарын сыйлады.

Арайлым Ғани

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 8 + 1 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама