ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Өз ісінің мамандары
17 июля 2019

«Қазхром» «ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатында үздік мамандардың сайысы өтті. Комбинаттың техникалық бақылау орталығы қызметкерлері сынға түскен бұл додада білім мен біліктерін ортаға салған алты қызметкер өзара сынға түскен болатын.

Қауіпсіздік техникасына негізделген он сұрақтан тұратын тестке жауап берген оларға байқаудың екінші айналымында  ауызша сұрақтар қойылды. Байқауға төрешілері Иссалиева қатысушулардан қызметтеріне байланысты жүйелі жауап күтті. Техникалық сұрақтар мықтымын деген қатысушыларға оңайға соқпады.Техникалық процестің іріктеу схемалары, кәсіпорынның № 1 ұсатып-байыту мен кен байыту және кесектеу фабрикаларындағы учаскенің ауысым сынақ карталары, бақылаушының міндеттері секілді және басқа да күрделі сұрақтар болды. Бірі сол бойда ойланбастан жауап берсе, енді бірі сәл ұмытынқырап, толықтай жауап бере алмады.

Дегенмен де, байқау бар жерде, көптің ішінен дараланып шығар үздік те табылады. Байқаудың үшінші айналымы олардың нағыз шеберліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Үш түрлі кеннің сапасын анықтауда техникалық бақылау орталығының қызметкерлері бай және кедей кеннің сапасын анықтау керек еді. Нәтижесінде, техникалық бақылау орталығының кен байыту өнімдерінің бақылаушысы Венера Исмагулова.

– Әйелдер өздерін отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі кайраткер, мықты жұмысшы  ретінде көрсетіп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар тұлғалар. Әйел адамның қоғамдағы ең мықты, шыдамды және қашан да алда жүретіндері белгілі. Оны бүгінгі конкурстан байқадық. Сендер тек өз отбасыларын ойлап қана қоймай, комбинаттың игілі үшін де үлес қосып жатырсыңдар. Сондықтан да мен комбинаттың нәзік жанды әр қызметкерін бағалаймын, - деді  кәсіподақ комитетінің төрағасы Раушан Бекмуханова.

Сөз соңында орталық техникалық бақылаушыларына кәсіподақ комитеті атынан тұрмыстық бағалы заттар тарту етілді және жеңімпаздардың жалақасына 20 пайыз үстеме қосылатын болады.   

Арайлым Ғани

 

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 9 + 9 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама