ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Қарттар күні тойланды
2 октября 2019

Биылғы Қарттар күні Еуразиялық Топтың құрамына енетін «Қазхром» «ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатында ерекше тойланды. 300-ге тарта зейнеткер өздерінің төл мерекелерін әсерлі де әдемі кешпен өткізді. Одан бөлек, Дөң тау-кен байыту комбинатының Ардагерлер кеңесіндегі 1360 қарияға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің қолдауымен әр жыл сайын ардагерлерге көрсетілетін құрметтің еселеніп келе жатқанын аңғаруға болады.

Кеншілер мәдениет үйіндегі ардагерлерге толы концерт залында ине шаншар жер болмады. Комбинаттың өркендеуінде өлшеусіз үлес қосқан барша қарияларды комбинат директоры Виктор Тиль құттықтап, оларға мол бақыт пен зор қуат тіледі.

– Бүгін осы жерге келіп отырған әр қайсысыларыңыз өткен шақтарыңызды еске түсіріп отырған боларсыздар. Бірі еңбек кітапшасын енді ашып, жұмысқа орналысып жатса, енді бірі сол кітапшаны жауып, зейнеттік кезеңге аяқ басқан өмір құбылысын өздеріңіз жақсы білесіздер. Бұл мерекенің мәнісі де осында жатыр. Еңбек жылдарыңызда талай биіктерді бағындырып, «әттеген-ай!» деген сәттерден де өттіңіздер. Сондықтан, алдағы өмірлеріңізде сіздерге тек мықты денсаулық тілеймін. Әдемі ғұмыр кешіңіздер!, - деп комбинат директоры жүрекжарды тілегін жеткізді.

«Замандастар» мен «Калинушки» әжелер ансамбілі әсем әуендерімен комбинат ардагерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жастық шақтарын өндіріс саласына арнаған қарияларға кез-келген құрметтің шегі жоқ.

Жарты ғасырға жуық ғұмырларын өндіріс саласына арнаған әр ардагер әсерлі кеште ескірмес естеліктерін, жастық шақтарын сағына еске алды. Ұйымдастырушылар мен комбинаттың кәсіподақ комитетіне риза болған олар бұл күнді естен кетпестей етіп өткізгендеріне алғыстарын жолдап жатты.

– «Тамаша! Ризамын. Жас күнімдегі әндерді ұмытпаған екенмін. Бір серпіліп қалдым. Замандастарыммен осындай кеште жолыққаныма қуаныштымын. Барлығы шын жүректен болды. Комбинат ұжымы біздерге жыл сайын көңіл бөледі. Рақмет!» Бұл – 42 жыл «Молодежная» шахтасында қызмет еткен Александра Гилинаның шексіз алғысы.

Концерттік бағдарламада кеш тізгіншілері әндер мен жылдарды сөйлетіп, залдың екі қанатында отырған көрермендерді жарыстыра ән шырқатқан болатын. Шаттыққа толы жүздер балаша сол әндерді әуелетіп орындады. Ақтөбе әртістері вальс королі Шәмшінің әндерін шырқап, кештін реңін одан әрі келтірді. Кеш соңында Дөң тау-кен байыту комбинатының әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің атынан кеш қонақтарының барлығына сыйлықтар тарту етілді. Өздеріне арналған мерекелік кештің құрметті қонақтары осылайша тарқасты.

Арайлым Ғани

Владимир Трошиннің фотосуреттері

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 8 + 5 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама