ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Кәсіподақ комитетінің сайлауы өтті
28 октября 2019

Еуразиялық Топтың (ERG) құрамындағы «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатында кәсіподақ комитетінің есептік-сайлау кәсіподақ конференциясы өтті. Бұл жолы комбинат қызметкерлерімен өткен жиын кеңінен қозғалды.

Жиын басталарда алдында маңызды сәттің бірі – Дөң тау-кен байыту комбинаты кәсіподақ комитетінің кітабының тұсауы кесілді.

Жиынның мақсаты – бес жыл сайын сайланатын кәсіподақ комитетінің төрағасын тағайындау. Өндірістік-салалық қағидат бойынша өздерінің міндеттерін бұлжытпай орындап, қарапайым жұмысшылармен тығыз байланыста боламын деп ниет білдірген кандидаттар да болды. Жиында комбинаттың кәсіподақ комитетінің жыл бойына атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Кәсіподақ конференциясында комбинат директоры Виктор Тиль, сонымен қоса, кәсіпорынның қызметкерлері, Ардагерлер кеңесі, цех басшылары мен Жастар кеңесі сөз сөйлеп, кәсіподақ комитетінің тыңдырымды жұмыстарына оң баға берді. Кәсіподақ комитетіне өз алғыстарын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Комитет жұмысын бүгінгі уақыт пен заман талабына сай ұйымдастырып,әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, қарапайым еңбек адамдарының тағдырына қатысты түйіндерге жауапты адам ретінде бір ауыздан дауыс беріп, ісімен көпке үлгі Раушан Шаменқызы Бекмуханованы бір ауыздан сайлады.

Қашанда комбинат қызметкерлері мен олардың отбасыларына қолдау көрсетуден бас тартпайтын, кез-келген қызметкер көмегіне жүгіне алатын тұлғаның болуын қалайтын қызметкерлер Раушан Шаменқызының өз орнында қалуын құптады.

Енді алда сындарлы сәттер, тағы да маңызды жұмыстар тұр. Кәсіподақ комитетінің өзі шегелеп айтқандай, адал жұмыс – алысқа апарады.

 

 

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 5 + 3 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама