ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Асыға күткен Жаңа жыл шыршасы
5 января 2020

Ерекше жетілген балаларға арналған Дөң тау-кен байыту комбинатының Жаңа жылдық шыршасы алтыншы рет өтті. Комбинат қызметкерлері үшін бұл – кәсіпорын атынан мереке қарсаңындағы қолдау.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін директор шыршасы осыдан алты жыл бұрын комбинат директорының ұсынысымен басталған болатын. Шыршаны тамашалауға келген балақайларды кәсіпорын жетекшілері қарсы алып қуантады. Әр балаға тәттіге толы сыйлық дорбалары таратылады.

Комбинаттың Жаңа жылдық шыршасын биылғы жылы 87 бала қызықтай алды. Екі тілде жүргізілген жаңа жылдық кеш Дөң тау-кен байыту комбинатының дене шынықтыру және сауықтыру кешенініндегі гимнастика залында өтті. Әсемделген зал балаларды ертегі әлеміне алып келгендей. Оларды қалпақты адам мен жауыз қызыл ханшайым секілді мультфильм кейіпкерлері қарсы алды. Шыршаның басты кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақша қар да болды.

Ертеңгілікке қатысу тегін өтті. Бұны Дөң тау-кен байыту комбинатының әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті қаржыландырады. Жыл сайынғы шыршаны қызықтап келетін балалар үшін әдеттегі бағдарлама қайталанбастай етіп өзгеше өтеді. Бұған ата-аналар да дән риза. Балақайларды кешеннің алдынан күтіп алған алтын адамдар оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жаңа жылдық бағдарламамен бірге өте керемет деңгейдегі фотоаймақ пен кэнди-бар ұйымдастырылған.

– Ұлымды биыл екінші жыл әкеліп тұрмын. Әр Жаңа жыл сайын кейіпкерлер өзгеріп тұрады екен. Әдемі фотоаймаққа суретке түсіп те үлгердік. Барлығы – балаларымыз үшін. Комбинат әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті ұйымына алғысым шексіз, - деді Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы атындағы шахта қызметкері Қанат Ермекбаев.

Шарада балалар ертегі кейіпкерлерінің қойылымын тамашалағаннан бөлек, өздерінің дайындаған тақпақтарын да оқып, Аяз атаның дорбасындағы тәттілерден де ауыз тиді. Ал олардың бірінен-бірі өтетін жаңа жылдық костюмдері көздің жауын алады.

Осылайша, таңғажайып Жаңа жыл шыршасын асыға күтетін балақайлар ұзақ күттірген шырша шамын жағып, қуанышты күйде тарқасты.

 

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 8 + 7 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама