ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Қар – мүсіншінің жабдықтары
6 января 2020

Қала көркіне сән беріп, тұрғындардың назарына Жаңа жыл қарсаңында ерекше мүсіндерді жасап шығару – Дөң тау-кен байыту комбинатыны қызметкерлерінің дағдысына айналғалы біраз жыл болды.

Оларға керегі басты материалдар: қар мен мұз. Қыс басталысымен тыңбай еңбек етіп жүретін жұмысшылар техникалармен қарды жинап берсе, кеспе мұзды жақын маңдағы өзеннен алып келеді. Қармен жұмыс жасау қиын, себебі ол ауа-райына байланысты. Сондықтан бұл істі баппен орындау керек. Үш ай бойына қаланың әдемі бөлшегі саналатын аймақтың нысандары сырттан қарағанда әдемі көрінуі тиіс. Сол үшін де мүсінішілер барын салып, бірізділікпен жасап шығады.

Әсіресе, қыстың қызығын сырғанақтан көретін балалар үшін Кеншілер алаңы қыс мезгілінде ауданның ең керемет жері саналады. Сырғанақтар ересектер үшін де қанды қыздыратын, шытырманға толы экстремалды орын десек артық болмас. Сырғанақты тұрғызуға кемінде жеті-сегіз камаз қар кеткен. Жол-жөнекей өтіп бара жатқанның назарын өзіне аудартпай қоймайтын сырғанақтар мен мүсіндер көздің жауын алады.

– Сырттан көз салған адамға білінбеуі мүмкін. Бірақ ақ қар, көк мұздан келістіріп мүсін жасау дегеніңіз – ғажап нәрсе. Дүниенің барлығын ұмытып, кәдімгідей терлеп-тепшіп, ебіл-дебілің шығып жұмыс істейсің. Бойың жеңілдеп, бір рахаттанып қаласың. Жұмыстан қолым қалт етсе, осында келемін. Он жылдай болып қалыпты қармен жұмыс істегеніме. Әрі денсаулыққа да пайдалы, - деді автокөлік және механизм цехының қызметкері Ринат Изтляев.

Сонымен қос, жұмыспен қатар, қалашық жасауды асқан сүйіспеншілікпен орындайтан жандардың еңбегі елеусіз қалмайды. Мәселен, биыл көптің көңілінен шыққан «Тауешкі» мүсінінің авторы Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы атындағы шахта қызметкері Арыстанғали Баяндиннің мүсіндері бірінші орынға бағаланды. Тұтас мұздан ойылып салынған мүсін 20х20 метр. Биылғы жыл тышқан жылы. Тауешкі мен тышқанды үйлестіріп салған суретші-мүсінші анық 38 жыл осы кәсіпті жанына серік етіп келеді. Қала шетінде өзінің шағын шеберханасы да бар екен.

– Жанын қалаған іс болса, ешқашан жалықпайсын. Ауданымызда суретші-мүсінші жастардың көп болғанын қалаймын. Бірімізден-бірімізге жалғау керекпіз өнерді. Тоқтап қалмау керек, - дейді Арыстанғали Баяндин.

Жаңа жылдың басты кейіпкері Аяз ата мен Ақша қарды тұрғызған «Аллигатор» ЖШС жұмысшысы Асқар Гельманов екінші орныды қанжығалады. Қос мүсін қалашықтың басты кейіпкерлері сынды. Аяз атаның биіктігі 2 метр 10 см-ді құраса, ақша қардың биіктігі 1 метр 70 см-ді құрады.

«Барыстың» алып мүсіні де орынсыз қалмады. Автокөлік және механизм цехының қызметкері Ғалымжан Митонов үшінші орыннан көрінді. Көп түркі және көшпенді елдер үшін ұлттық таңба саналатын жануар мұз қалашығында ерекшеленіп тұр. Жеңімпаздар мен қатысушыларға кәсіподақ комитеті атынан ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қоса, басқа да мұздан ойылған мүсіндер де бар. Мәселен, дуалдар мен «2020» жазуын тұрғызған «Аллигатор» ЖШС жұмысшысы Зейнолла Нұрмановтың қолынан шыққан мүсіндері де таңдай қақтырарлық.

Бір апта ішінде Хромтау қаласында жайнай түскен мұз қалашығының астында әр жұмысшының ерең еңбегі тұр. Шыдамдылық пен сабырлықты қажет ететін бұл өнер түрін халық жоғары бағалайды. Бастысы да – сол.

 

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 7 + 9 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама