ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
ДЗЮДОШЫЛАР ЖАРЫСТЫ
10 марта 2020

«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Кәсіподақ ұйымы жанынан «Жәйрем болашағы» қоғамдық қорын ашқаны баршамызға белгілі. Жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын ойлаған компания басшылары спортты да айналып кете алмады. Қоғамдық қордың ішінен Спорт федерациясы ашылып, жыл сайын қомақты қаражатқа қажетті спорттық құрал-жабдықтар сатып алынуда. Бүгінгі күні салауатты өмір салтын ұстанамын деушілерге барлық жағдай жасалған. Бірнеше спорттық секциялар есігін айқара ашып, жергілікті халыққа тегін қызмет көрсетуде. Сондай секциялардың бірі дзюдо секциясы.

Көктемнің алғашқы күні еліміздің түпкір-түпкірінде тойланатын Алғыс айту күніне арнап Спорт федерациясы 2007-2011 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өткізді. Аталған жарысқа Қаражал қаласынан, Ақтай, Түгіскен, Ескі Жәйрем елді мекендерінен және өзіміздің Жәйрем кентінен спортшылар бақ сынасты. Қаншама спортшыларға төрелік ету де, олардың үзілістерін, тамақтану шараларын тиісті деңгейде қамтамасыз ете білу де оңайға соқпағандығын айтқан Спорт федерациясының бастығы Мөлдір Сатжанова ең бастысы жарыстың ойдағыдай өткеніне қуанатынын жеткізді.

-Жарысқа шамамен 300 спортшы жасөспірім келді. Олардың алды талай жарысты артқа тастап, боз кілемді талай бағындырғандар болса, кейінгілерінің жаттықққандарына 2-3 айдың ғана көлемі болды. Балалардың спорттың бұл түріне деген қызығушылықтары өте зор екендігін айта кеткім келеді. Бүгінгі күні менің алдымда 120 бала жаттығады. Аптасына бес күн төрт мезгіл жүргізілетін жаттығудан балалар еш қалмайды. Барлығының да құлшыныстары өте жоғары. Осы балалардың бойларындағы жігерді байқаған соң, осындай бір іс-шара өткізуді көптен жоспарлап жүріп, Алланың қалауымен бүгін сәті түсті. Боз кілемге шығамын дегендерге шектеу қойылған жоқ. Таңертеннен кешке дейін созылған жарыста күні кеше Қазақстан чемпионы болып келген Жақанов Ерасыл мен қаражалдық ..... төрешілік жасады. Осыншама спортшыға ие болу, оларға төрелік жасау әрине оңай болған жоқ. Жарыс болған жерде, жеңіс те, жеңіліс те болары айқын. Бүгін боз кілемде өздерін жарқырата көрсете біліп, жеңіс тұғырына көтерілгендер қаншама. Өте керемет тартыс болды. Балаларына қолдау көрсетіп келген ата-аналар қаншама. Бірін-бірі шиыра лақтырған балаларға қарап, тақымдарын қысқан ата-аналардың жанкүйерліктерін айтып жеткізе алмаймын. Бірлік бар жерде тірлік бар. Бүгінгі жарыста қолдау көрсетіп, көмек қолдарын созған «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Кәсіподақ ұйымына, өзіміздің федерацияның жаттықтырушыларына, Қаражал қалалық ..... Артем Кимге үлкен алғысымды айтамын. Еліміздің болашақтары осы жасөспірімдер. Солардың салауатты өмір салтын ұстануларына аз да болса септігіміз тиіп жатса, ол біздің азаматтық борышымыздың бір бөлшегінің орындалғаны болмақ. Осылай өз ойын жеткізген Мөлдір Болатқызы осы өзіміздің Жәйремнен шыққан. Дзюдодан спорт шебері.

Жастарды дұрыс бағытқа салып, олардың бойларындағы жігерді жетілдіре білетін жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бүгінгі күні ауылымызда боз кілемді бағындырған балалардың ертеңгі күні әлемге танылар чемпион боларына сенім білдіріп, үміт артып, ризашылығымызды білдірдік.

Гауһар НАУРЫЗБАЕВА

«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ

Кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 2 + 4 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама