ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Металлургтердің марапаты
22 июля 2020

Шілденің үшінші жексенбісі елімізде жалынды кәсіп иелері – металлургтердің төл мерекесі. Жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтетін бұл мереке биылғы жылы өзгеше өтті. Елдегі жағдайда байланысты мемелкеттің гүлденуіндегі алдыңғы шептегі өндіріс саласының майталмандарын әдемі құттықтаулар толтырды. ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатында дәл осы қарқында аталып өтті айтулы мереке.

Карантинге байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, комбинаттың 400-ге жуық жұмысшысы марапатталды. Оның ішінде өнеркәсіптік, корпоративтік марапаттаулар мен жетекшілердің алғыс хаттары, бірнеше аталымдарға қоса, ақшалай сыйлықтарға ие болған жұмысшылар, зейнеткерлер бар. Әрі кәсіби шеберліктерімен көзге түсіп, лайықты деп танылған 32 жұмысшы жарты жыл бойына аудан жұртшылығының алдында тұратын Құрмет тақтасының жаңа бейнелерін ауыстырды.

Дөң тау-кен байыту комбинатының барлық зейнеткерлері кәсіподақ комитеті ұсынған жалпы сомасы сегіз миллион теңгені құрайтын ақшалай сыйлықтарға ие болды. Одан бөлек, кәсіпорынның тоғыз ардагеріне «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы жетекшілігінің алғыс хаты табыс етіліп, сыйақы тағайындалды.

Жетекшілердің ерекше құттықтауы – цех асханаларында жалғасты. Түскі ауысымдағы жұмысшыларды асханада дәмді дастархан күтіп тұрды. Ұлттық тағамымыз – бешбармақтан бастап түрлі тағамдар – олардың жұмыс уақытында кәсіби мерекелерін сезіндіргендей. Мерекеде кейбірі жұмыста, жер астында еңбектерін жалғастыра береді. Осының өзі кәсіптерінің қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін көрсетеді.

Дөң тау-кен байыту комбинатының кәсіподақ комитеті мен Жастар кеңесі сын сағатта адам жанынан табылатын «Евразия» медициналық орталығының қызметкерлерін әдемі гүл шоқтары мен жеміс-жидекке толы жәшіктермен құттықтап шықты. Металлургтер күні – әлемді жайлаған індетпен күресіп жатқан дәрігерлердің еңбегіна алғыс пен ризаышылықты білдіретін сәтті күн болды.

Майталман металлургтердің мерекесі өзгеше құттықтауға толы бағдарламамен өтсе де, көңілдерінде тек қана ризашылық орнады. барлығының көкейіндегі тілек – індеттің жойылып, бұрынғы қалыпқа түсу.

Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 5 + 4 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама