ОТРАСЛЕВОЙ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИЙ
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ «КАЗПРОФМЕТАЛЛ»
тел.: +7 (7172) 27-26-50
факс: +7 (7172) 21-63-14
e-mail: kazprofmet@mail.ru

00:00/00:00
  Слова гимна
Ерлерміз еңбегімен бақыт тапқан,
Кен қазған, болат қорытқан, мыс балқытқан.
Жасасын алтын бесік - атамекен
Қазына қойнауында шалқып жатқан.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург  біздерміз
Ел байлығын шалқытқан!
                           
Металлургам, горнякам за достойный труд
По заслугам честь и славу воздают.
Окрыляет нас всегда и мечты полет,
Возвеличим мы Отчизну и народ.

Припев:
Металлурги, горняки,
Наши цели высоки,
Мы - единая семья,
Как руда и сталь крепки!
Дружбой нашей мы сильны,
Словно братья, сплочены,
И в забоях, и в цехах
Укрепляем мощь страны.

Өндіріс өріс алған Қарсақбайдан,
Асырды атақ-даңқын Өр Алтайдан.
От кешкен, жалын кешкен батырлармыз
Төсінде туған елдің қанат жайған.

Қайырмасы:
Құрылысшы, байытушы - достарымыз,
Қосылған бір майданда бастарымыз.
Жасасын еңбекшілер ынтымағы,
Жүзеге асып мәңгі арманымыз!

Қайырмасы:
Тәуелсіз қасиетті қазақ елі,
Дәнге бай, кенге де бай байтақ жері.
Барады болашаққа еркін басып,
Бастаған Ұлы көшін Кемеңгері.

Қайырмасы:
Қара тасты қайнатқан,
Асыл тасты жайнатқан,
Кеншілерміз бұрғысын
Тереңдерге бойлатқан.
Көк темірді балқытқан,
Көк теңіздей толқытқан.
Металлург біздерміз,
Ел байлығын шалқытқан!

Біздер кенші-металлург,
Ел байлығын шалқытқан!
Новости профсоюза
Жаңа форматтағы Жаңа Жыл
28 декабря 2020
  «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатында жыл сайын ерекше балаларға арналған директор шыршасы биылғы жылы жаңаша форматта өтті. Таңғажайып мереке естен кетпес жаңа жылдық шоу, ертегі кейіпкерлерінсіз оффлайн түрде жүргізілді. Әйтсе де, Аяз аталар балақайларды құттықтауды ұмытпады.  Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 90 баланың мекенжайына сыйлықтары жеткізілді. Планшеттер, тәттілер және «Казхромики» сурет салу дәптерлері сыйға тартылды. 
  Әр жыл сайын түрлі образдағы костюмдерін дайындап, тілек шыршасын жағып, кішкентай жүректерімен үлкен армандардың орындалуын тілейтін олар бұл таңғажайып мерекені асыға күтеді. Осы жылы барлық санитарлық нормаларды сақтап, ешқандай шара өтпесе де, кәсіпорынның кәсіподақ комитеті мен Жастар кеңесі бірлесе, балаларды жаңа жылдарымен құттықтауды ұйымдастырды. Сыйлық дорбаларына ие болған 90 баланың барлығы – Дөң тау-кен байыту комбинаты қызметкерлерінің балалары. 
 Жыл сайынғы шыршаны қызықтамаса да, балақайларға комбинат директорының жүрекжарды әдемі тілегі жолданды. Ата-аналар да дән риза. Бүлдіршіндер еріксіз қуанып, Аяз аталарға өлең-жырларын айтып, әндерін де шырқап берді.
 –  Жыл сайын балаларымызға көңіл бөліп, елеп жататын комбинат ұжымына аналық жүрегіммен рақметімді жеткізгім келеді. Ұлым үйде отырса да, жыл сайын жаңа жылдық мерекеден қалмайтын едік. Тәртіпке бағынып, келер жылды үйде отырып қарсы алуға тура келіп тұр. Десе де, ұлымды құттықтап келгендеріңізге алғысым шексіз. Жаңа жылдың жақындап қалғаны сезіледі, - деді ата-ана Раушан Нұрлыбаева.
  Ризашылықтарын жеткізіп, карантин болса дағы, балаларының қашан да назарда жүретіндерін білген ата-аналардың алғыстары көптеп артылады. Қызметкерлер отбасына қиын шақта қолдау көрсету кәсіпорынға кедергі емес екендігі тағы бір мәрте дәлелденгендей.
 
Арайлым Ғани
Алексей Пименовтың фотосуреттері
 
Вернуться назад

Написать письмо профсоюзу

Все поля обязательны для заполнения!

Имя
Телефон
E-mail
Сообщение

Подписаться на рассылку


E-mail




Сколько будет: 7 + 5 =

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: spam

Filename: default/foot.php

Line Number: 203

    Защита от спама