87172272650

e-mail: kazprofmet@mail.ru

 

Республика Казахстан. г. Нур-Султан. проспект Абая 38, офис 301

Пеш жанында – ширек ғасыр

Балқытушы Қайырзада Нәжімиденовтің күнделікті ізімен зауыт табалдырығын аттап жүргеніне 25 жыл болыпты.  ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының төртінші балқыту пешінде еңбек кітапшаларын бір ғана жолмен толтырып келе жатқандар көп. Бірегей бөлімше өзінің өмірін қиын да қызықты металлургия саласына арнаған  жандарды назарынан тыс қалдырмай келеді. Осы жексенбіде Қайырзада  өзінің кәсіби мерекесін атап өтпек.

Қайырзада Нәжімиденов қала маңындағы Грязновка ауылында туып өскен. Достарымен бірге №164 қалалық кәсіби-техникалық училишесін тәмамдаған. Зауыт қызметкерлерінің әйгілі ұстаханасы сол кезде-ақ жас жігіттердің таңдаған мамандығы — ферроқорытпаларды балқытуға деген сүйіспеншіліктірін арттырған еді. Бұл  ұстахана түлектерінің көпшілігі үшін өмірлерінің мәні болды. Әскери өмір жас ферроқорытпашыға әлемді  аз да болса көруге мүмкіндік берді. Қайырзада Нәжімиденов Польшадағы әскердің Солтүстік тобында Отан алдындағы борышын өтеген. Демобилизациядан кейін ол екі жыл бойы өз қызметкерін асыға күткен зауытқа қайта оралады.

– Таңдауым бірден осы мамандыққа түсті, — деп еске алады №42 пештің бригадир көмекшісі Қайырзада. – Бес дос болып бастапқыда зауытқа келуді жоспарладық. Жұмысқа орналасудың басқа нұсқаларын ойламаппыз да. Сол уақыттың өзінде кәсіпорын дүркіреп тұрды. Металлург мамандығы балқытылған металдың әдемілігімен ғана емес, күш-жігер және мінездің беріктігімен сипатталатын ер азаматқа тән  ісімен қызықтырды. Қайсар рухты мамандық бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жоғалтпай келеді. Мен өз таңдауыма ешқашан өкінген емеспін. Алдағы уақытта да мұнда жұмысымды жалғастырып, уақытымды зая кетірмейтініме сенімдімін.

Кейіпкеріміз цехта өткен жылдарын күлімсірей еске алады. Ия, осы уақыт ішінде көптеген қызықты оқиғалар өтті. Төртінші цехтың зауытта қорытпалар, шикізат пен материалдардың жаңа түрлері сыналған полигон ретінде беделге ие болуы бекер емес. Бірақ басты байлық әрдайым адамдар болды және солай қала ермек. Олар – өз ісінің кәсіби мамандары.

– Қазіргі жастарға қарап қуанасың, — дейді Қайырзада Нәжімиденов. – Олардың пеш жанында тұрақты түрде қалатыны немесе өздерін өзге ортада байқап көргісі келетіндері бірден көрініп тұрады. Цехта көптеген жақсы адамдар тәрбиеленді. Менің үрім-бұтағымның барлық дерлік өкілдері — өндірістік жұмысшылар мен тәлімгерлер. Біз бұл дәстүрді бұзбауға тырысамыз. Ізімізді жалғар лайықтыларды  да дайындап жатырмыз. Жігіттер бізге ақылды, алдарына айқын мақсаттары бар, бастамашыл болып келеді. Олар мамандықты, технологияны тереңінен білуге ​​және кәсіби маман болуға ұмтылады. Мұндай жастармен жұмыс істеу оңай. Олардың кез-келген жағдайда өздерін ұстай алатындарына қуаныштымын. Барлық адам бірдей емес. Өндірістің ыстық-суығына төтеп бере алулары керек.

«Егер жақсы дүние жасағың келе ме – өзің істе». Бұл – Қайырзада Мәдениетұлының өмірлік ұстанымы. Шебер өзінің тұлғалық болмысымен хром мен кремний қорытпалары шығарылатын цех жастарына күнделікті жұмысының дұрыс әдістерін, технологиялық олқылықтарын көрсетіп-түсіндіріп, олардың еңбек ете білуін бақылап, өндірістік қауіпсіздік пен жұмыс орнындағы тәртіп және күн сайынғы болатын процестерді үйрете жүріп, тәлімгерлікте қажетті нәтижеге қол жеткізу оңай әрі тез болатынына сенімді.

Қайырзада Нәжімиденов алда зейнеттік жылдардың да таяп қалғанын ойлап, болашақтағы жоспары туралы бір деммен ғана жауап берді.

– Жұмысты ойламай, ұйқыңнан тұру қалай болатынын елестете алмаймын, — дейді бригадир көмекшісі. – Әйтсе де, зейнетте жүріп бір іс тауып аламын. Үй шаруасындағы жұбайым мен қыздарыма көмектессем де, қарап жатпаймын. Екі қызым да тұрмыста. Павлодарда тұрады. Кенжемізді өткен жылы ұзаттық. Ал үлкенім бізге екі жиен сыйлады. Қылықтары мен қызықтарын көріп келеміз. Олармен зейнеттік уақытта жиі көрісіп тұрамын деп ойлаймын. Бірақ, бұның барлығы бес жылдан кейін болатын нәрселер. Соған жеткізсің. Ал қазір аянбай еңбек етіп қалатын уақыт. Цехымыз жақсы, ынтымақта жүретін ұжымым бар. Ал зауыттың өзі бір төбе. Кәсіби шеберлік, мол өндірістік тәжірибе мен білім, жайдарлы мінез, табиғи қарапайымдылықтың бәрі  Қайырзада Нәжімиденовтің бір бойынан табылады. Әріптестері оны осы үшін де жоғары бағалайды және құрметтейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Үздік техникалық инспекторлар анықталдыҮздік техникалық инспекторлар анықталды

ERG құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатында «Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор» байқауының бірінші тоқсан бойынша қорытындысы шықты. Сондай-ақ, 28 сәуір-Дүниезжүзілік еңбекті қорғау  күнінің айлығына қатысқан

#ДелаемВместе – в День металлурга топ-менеджеры «Казхрома» вышли в смену в цеха и шахты на свои первые рабочие места#ДелаемВместе – в День металлурга топ-менеджеры «Казхрома» вышли в смену в цеха и шахты на свои первые рабочие места

В канун своего профессионального праздника руководство «Казхрома», входящего в состав ERG, вернулись в цеха и шахты. Топ-менеджеры пришли «к истокам», откуда начинался их профессиональный путь, для того чтобы отработать смену

EnglishҚазақ тіліРусский