КАЗПРОФМЕТАЛЛ Новости Үздік техникалық инспекторлар анықталды

Үздік техникалық инспекторлар анықталды


ERG құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатында «Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор» байқауының бірінші тоқсан бойынша қорытындысы шықты. Сондай-ақ, 28 сәуір-Дүниезжүзілік еңбекті қорғау  күнінің айлығына қатысқан кәсіпорынның цехтары марапатталды.

Техникалық инспектор – бұл Өзінің жеке уақытында учаскесіндегі техникалық қауіпсіздігіне көңіл бөлетін жауапты тұлғалар яғни, техникалық инспекторлардың Дөң тау-кен байыту комбинатындағы бүгінгі саны – 160. 

 Қауіпсіздің айлығына кәсіпорынның әр цехынан қатысқан қызметкерлер Дөң тау-кен байыту комбинатының үздік техникалық инспекторы атағына жеңіп алуға талпынғандар. Байқауда цехтарда жүргізілген тексерулер кезінде тек табылып қана қоймай, жойылған бұзуылулар дабыл парақтары мен ұсыныстар саны бағаланды. Сонымен қатар, әр қатысушыға «Техникалық инспектордың бір күні» бейнеролигін дайындауға тура келді.

Жылдың бірінші тоқсаны бойынша үздік техникалық инспекторды комбинаттың кәсіподақ комитетінің төрайымы Раушан Бекмұханова мен Дөң тау-кен байыту комбинатының бас техникалық жетекшісі Самат Серғазин төрағалық етіп, анықтады.

Сонымен, бұл тоқсанның бірінші орнын комбинаттың №1 ұсату және байыту фабрикасының ұсатушысы Құлтай Нұртазин еншіледі. Ал екінші орынды осы фабриканың кендерді кептірушісі Асылхан Урналин қанжығаласа, қоршаған ортаны қорғау зертханасының газ және шаңдарды талдау зертханашысы Айнагүл Ищанова жүлделі үшінші орынға тоқтады.

– Әріптестерімізге техникалық қауіпсіздік айлығына белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымыз зор. Риза болып тұрмыз. Өндірістегі қауіпсіздік ұғымына асқан жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлерді көре алдық. Еңбекті қорғау айлығын бізбен бірге қолдап, өзге де қызметкерлерге үлгі боларлық іс-әрекет көрсетудесіздер. Бұл әрі қарай да жалғасады деген сенімдеміз.Бұнымен тоқтап қалмай, қауіпсіз қызметті бірге жандандырайық, — деп кәсіпорынның жетекші техникалық инспекторы Тимур Ильжасов өз ойын білдірді. 

Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ, кәсіподақ комитетінің төрайымы комбинаттың №1 ұсату және байыту фабрикасының бұл шараға көбірек қатысып, белсенді болғандарына ырза болды. Расымен де, фабрикалық әріптестер бір-бірінен оза шауып, маңызы зор айлықта биіктен көрінді.

Марапаттау кезінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау айлығына орай техникалық инспекторлар арасындағы ұйымдастырылған онлайн конкурс бойынша алдыңғы үштік анықталды:

Бірінші орын – №3 жөндеу цехының электрслесарі Әбілхан Орынбаевқа бұйырды. Орталық зертхананың химиялық талдаулар зертханашысы Нұргүл Бикеева екінші орынды, ал техникалық бақылау орталығының кен өнімдерін байыту бақылаушысы Баянсұлу Сатаева үшінші орынды иеленді. Сонымен қоса, 16 техникалық инспектор қатысқандары үшін марапатталды.

Бұл техникалық инспекторлардың барлығы онлайн байқауда өздерінің бейнеролик, шығармашылық жұмыстарымен өздеріне жүктелген маңызды міндетті көрсете білді. Ол әрине, еңбек қауіпсіздігін бақылау!

Арайлым Ғани

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован.

Related Post

Состоялось заседание Центрального Комитета Международной Евроазиатской Федерации МеталлистовСостоялось заседание Центрального Комитета Международной Евроазиатской Федерации Металлистов

30 июня 2021 г. председатель Отраслевого горно-металлургического профсоюза «Казпрофметалл» А. Нуралин принял участие в 51-м онлайн-заседании Центрального Комитета Международной Евроазиатской Федерации Металлистов (Анкара). Международная Евроазиатская Федерация Металлистов (МЕФМ) насчитывает в

Тәуелсіздік күнімен! С Днем Независимости!Тәуелсіздік күнімен! С Днем Независимости!

Құрметті әріптестер, достар! «Қазақ кәсіподақ металл» тау-кен металлургия салалық кәсіподағы» ҚБ және жеке өзімнің атымнан Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 1991 жылы мемлекеттiк егемендiктiң жариялануымен Қазақстан

Семинар по безопасности и охране трудаСеминар по безопасности и охране труда

18 и 19 ноября т.г. Отраслевой горно-металлургический профессиональный союз «Казпрофметалл» в режиме видеоконференцсвязи на платформе Zoom организовал семинар на тему: «Безопасность и охрана труда на предприятиях». В семинаре приняли участие

EnglishҚазақ тіліРусский