С профессиональным праздником — Днем металлурга!

Құрметті тау-кен металлургия

саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Қадірлі достар!

 

«QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» Қазақстандық тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі және жеке өз атымнан сіздерді кәсіби мерекеміз — Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн — еліміздің ең қажетті әрі мәртебелі мамандықтарының бірімен өмірін байланыстырып, адал еңбек етіп жүрген жандарға шынайы алғыс білдіруге арналған ерекше мереке. Сіздердің еңбектеріңіз — Қазақстанның индустриялық әлеуетінің негізі, экономиканың тірегі, өңірлер мен бүкіл елдің тұрақты дамуының кепілі.

Кенші мен металлург мамандықтары — ерекше қасиеттерді, үлкен күш-жігерді, жоғары шеберлікті және өз ісіне адалдықты талап ететін кәсіптер.

Кез келген кәсіпорынның жетістігінің артында – өндірістік рекордтарды, сенімділік пен қауіпсіздікті күнделікті жұмысымен қамтамасыз етіп жүрген білікті мамандар, еңбек әулеттері мен ұжымы тұр.

Айрықша алғысым — берік еңбек дәстүрлерінің негізін қалаған сала ардагерлеріне. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен тәлімгерлік қызметтеріңіз жас металлургтерге бағыт-бағдар беріп келеді.

Осы мерейлі күні әрқайсыңызға зор денсаулық, отбасы амандығы, тұрақтылық, жаңа жетістіктер және ең бастысы – ертеңгі күнге сенім тілеймін. Еңбектеріңіз лайықты бағаланып, еңбек жағдайлары қауіпсіз болсын, ал кенші мен металлург мамандықтарына деген құрмет жылдан-жылға арта берсін!

Мерекелеріңізбен, құрметті тау-кен және металлургия саласының қызметкерлері!

 

Уважаемые работники и ветераны

горнодобывающей и горно-металлургической отрасли!

Дорогие друзья!

 

От имени ОО «Казахстанский отраслевой горно-металлургический профессиональный союз «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» и от себя лично сердечно поздравляю вас с профессиональным праздником — Днём металлурга!

Этот день — особый повод выразить искреннюю признательность всем, кто связал свою жизнь с одной из самых востребованных и почетных профессий. Ваш труд — это основа индустриального потенциала Казахстана, опора экономики, залог устойчивого развития регионов и всей страны.

Профессии горняка и металлурга требуют особых качеств, огромного напряжения сил, высокого мастерства, преданности делу.

За каждым успехом предприятий стоят люди — квалифицированные специалисты, рабочие династии, трудовые коллективы, для которых производственные рекорды, надёжность и безопасность — не просто слова, а ежедневная работа.

Особые слова благодарности — ветеранам, заложившим прочные трудовые традиции. Ваш опыт и наставничество служат ориентиром для молодого поколения металлургов.

В этот знаменательный день желаю каждому из вас крепкого здоровья, семейного благополучия, стабильности, новых достижений и, главное, уверенности в завтрашнем дне. Пусть труд будет достойно оплачен, условия работы — безопасны, а уважение к профессиям горняка и металлурга только крепнет с годами!

С праздником вас, уважаемые горняки и металлурги!

 

Ізгі ниетпен,

Кәсіподақ төрағасы,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты                         Асылбек Нұралин

 

 

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *