С профессиональным праздником — День шахтера!

Құрметті кеншілер, сала ардагерлері!

 «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» Қазақстандық тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі атынан және өз атымнан барлық сала еңбеккерлерін, кәсіп басшыларын кәсіби мерекелеріміз — Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Шахтер еңбегі қашанда ерліктің, қайсар рухтың және адалдықтың айқын бейнесі болып келеді. Сіздер стратегиялық маңызы бар шикізатты өндіресіздер. Ол шикізатсыз кәсіпорындардың жұмысы да, экономиканың дамуы да, үйлеріміздің жылуы да мүмкін болмас еді. Бұл еңбек тек жоғары шеберлікті ғана емес, сонымен бірге ұйымшылдықты, өзара қолдауды және зор жауапкершілікті талап етеді.

Бүгін біз сала ардагерлеріне құрметімізді білдіреміз. Олардың еңбектегі мол тәжірибесі мен өмірлік даналығы қазіргі жетістіктердің берік іргетасы болып табылады, жас кеншілерге әрдайым жігер мен шабыт береді.

Кәсіподақ әрқашан сіздердің жандарыңызда болды және бола береді: еңбек құқықтарыңызды қорғап, лайықты жағдайлар мен қауіпсіз еңбек үшін күресуде. Біз білеміз — әр тонна көмір артында күнделікті еңбек, қауіп-қатер мен жанқиярлық еңбек тұр.

Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, мол бақыт және болашаққа сенімділік тілеймін! Әрбір жұмыс күніңіз сәтті әрі қауіпсіз өтсін, ал шаңырақтарыңыз шаттық пен берекеге толы болсын.

Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті кеншілер!

 Дорогие шахтеры, уважаемые ветераны отрасли!

От имени ОО «Казахстанский отраслевой горно-металлургический профессиональный союз «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» и от себя лично сердечно поздравляю работников, руководство предприятий горнодобывающей отрасли с профессиональным праздником — Днем шахтера!

Труд шахтера всегда был символом мужества, силы духа и преданности делу. Вы добываете стратегическое сырье, без которого невозможна работа предприятий, развитие экономики и тепло в домах. Это работа, требующая не только высокого мастерства, но и особой сплоченности, взаимовыручки и ответственности.

Сегодня мы отдаем дань уважения ветеранам отрасли — людям, чье трудовое наследие стало фундаментом нынешних достижений. Их опыт и жизненная мудрость вдохновляют молодое поколение горняков.

Профсоюз всегда был и остаётся рядом с вами, защищая ваши трудовые права, добиваясь достойных условий и безопасной работы. Мы знаем, что за каждой тонной угля, рудных минералов стоит ежедневный труд, риски и самоотдача.

Желаю вам и вашим близким крепкого здоровья, семейного благополучия и уверенности в завтрашнем дне! Пусть каждый рабочий день будет плодотворным и безопасным, а ваши дома будут наполнены теплом, радостью и достатком.

С праздником, дорогие горняки!

 Ізгі ниетпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты,

Кәсіподақ Төрағасы                                                                  Асылбек Нұралин

 

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *