
Құрметті әріптестер, қадірлі достар!
«QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» салалық тау-кен металлургиясы кәсіподағының атынан және өз атымнан
сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – еркіндіктің, бірліктің және еліміздің болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символы. Тәуелсіздік Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, экономиканы дамытуға, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықаралық беделін арттыруға берік негіз болды.
Тау-кен металлургия саласы ел экономикасында ерекше орын алады. Металлургтер, кеншілер және іргелес салалардың мамандары күнделікті адал еңбегімен Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін қалыптастырып, мыңдаған отбасының әл-ауқатын қамтамасыз етіп, өңірлердің тұрақты дамуына үлес қосуда.
Салалық кәсіподақ еңбек адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін жүйелі түрде қорғап, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және әділ әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға — қуатты әрі тәуелсіз мемлекет құру жолында өз үлесін қосып келеді.
Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, бейбіт өмір мен татулық, тұрақтылық, ертеңгі күнге сенім және Отанымыздың игілігі жолындағы жаңа еңбек жетістіктерін тілеймін!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Уважаемые коллеги, дорогие друзья!
От имени Отраслевого горно-металлургического профсоюза «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» и от себя лично сердечно поздравляю вас с государственным праздником — Днем Независимости Республики Казахстан!
Этот праздник является символом свободы, единства и ответственности за будущее нашей страны. Независимость стала прочной основой для укрепления государственности, развития экономики, социальной стабильности и международного авторитета Казахстана.
Горно-металлургическая отрасль по праву занимает особое место в экономике страны. Ежедневным трудом металлургов, горняков и специалистов смежных профессий создается промышленный потенциал Казахстана, обеспечивается благополучие тысяч семей и устойчивое развитие регионов.
Отраслевой профсоюз последовательно отстаивает права и законные интересы трудящихся, укрепляет социальное партнерство и вносит вклад в формирование справедливых и безопасных условий труда — во имя сильного и независимого государства.
В этот знаменательный день желаю вам крепкого здоровья, мира и согласия, стабильности, уверенности в завтрашнем дне и новых трудовых достижений на благо нашей Родины!
С Днем Независимости Республики Казахстан!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты,
Кәсіподақ төрағасы А. Нұралин

Добавить комментарий