Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері, қадірлі әріптестер мен достар!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 Мамыр — бейбітшілік пен бостандықты орасан зор сынақтар мен құрбандықтар арқылы қорғап қалған халықтың ерлігі, қайсарлығы мен батырлығын айшықтайтын қасиетті күн. Біз ардагерлердің, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі мен жанқиярлық ерлігінің алдында бас иіп, оларға зор құрмет пен шексіз алғысымызды білдіреміз. Олардың Отанға деген адалдығы мен шынайы патриотизмі кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.
Жеңімпаз ұрпақтың ерлігі тарихымызда және жүрегімізде рухтың мықтылығының, бірлік пен парызға адалдықтың символы ретінде мәңгі сақталады. Батырларымыздың ерлігін ұмытпай, оны жас ұрпаққа жеткізу, бейбітшілік пен тұрақтылықты, татулық пен келісімді сақтау — баршамыздың ортақ парызымыз.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық, бейбіт өмір, бақ-береке және жарқын болашаққа сенім тілеймін!
Уважаемые ветераны, труженики тыла, дорогие коллеги и друзья!
От всей души поздравляю вас с праздником — Днем Победы!
9 Мая — это священная дата, символ мужества, стойкости и героизма народа, отстоявшего мир и свободу ценой огромных испытаний и жертв. Мы с глубокой благодарностью и уважением склоняем головы перед подвигом ветеранов, фронтовиков и тружеников тыла, чье самоотверженное служение стало примером истинного патриотизма и беззаветной любви к Родине.
Подвиг поколения Победителей навсегда останется в истории и в наших сердцах как символ силы духа, единства и верности своему долгу. Наш общий долг — бережно хранить память о героях, передавать ее молодому поколению и делать все возможное для сохранения мира, согласия и стабильности.
Желаю вам крепкого здоровья, долгих лет жизни, благополучия, мира, добра и уверенности в завтрашнем дне!
С уважением,
депутат Мажилиса Парламента
Республики Казахстан,
Председатель
ОО «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» А. Нұралин


Добавить комментарий