Металлург күні құтты болсын! С праздником -Днем металлурга!

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл айтулы мереке – қажырлы мінезімен, жоғары кәсібилігімен және күнделікті адал еңбегімен еліміздің индустриялық қуатын нығайтып жүрген жандардың мерекесі. Өндірістегі әрбір жетістіктің негізінде сіздердің шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз жатыр.

Ерекше алғысымды сала ардагерлеріне білдіремін. Сіздер еңбек дәстүрінің берік негізін қалап, талай буын мамандарды тәрбиеледіңіздер, жастарға баға жетпес тәжірибелеріңізді, мамандыққа деген құрмет пен ортақ іске деген жауапкершілік сезімін аманат еттіңіздер.

Бүгінде шахталарда, кеніштерде, кен байыту фабрикаларында және металлургиялық кәсіпорындарда аянбай еңбек етіп жүрген жандарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз зор батылдықты, төзімділікті және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сіздердің арқаларыңызда кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп, қалаларымыз көркейіп, Қазақстан экономикасы нығаюда.

Сала кәсіподағының белсенділері алдағы уақытта да сіздердің заңды құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді табанды түрде қорғап, лайықты еңбекақы, қауіпсіз еңбек жағдайлары және сенімді әлеуметтік кепілдіктер үшін жүйелі жұмысын жалғастыра береді. Еңбек адамына қамқорлық жасау – біздің қызметіміздің басты мақсаты болып қала береді.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, ертеңгі күнге деген сенім тілеймін. Әр шаңырақта жылулық пен татулық орнап, туған-туыстарыңыздың қамқорлығы мен әріптестеріңіздің құрметіне бөленіп, адал еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағалансын!

Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі достар!

Металлург күні құтты болсын!

 Уважаемые коллеги, друзья!

От всей души поздравляю вас с профессиональным праздником — Днем металлурга!

Этот знаменательный праздник объединяет людей сильного характера, настоящих профессионалов, которые своим ежедневным трудом создают основу индустриальной мощи нашей страны. В основе каждого производственного успеха ваше мастерство, ответственность и преданность своему делу.

Особые слова благодарности хочу адресовать ветеранам отрасли. Именно вы заложили славные трудовые традиции, воспитали не одно поколение специалистов и передали молодежи бесценный опыт, уважение к профессии и чувство ответственности за общее дело.

Искренняя признательность тем, кто сегодня несет свою трудовую вахту в шахтах, на рудниках, обогатительных фабриках и металлургических комбинатах. Ваш труд требует мужества, выдержки и высокой самоотдачи. Благодаря вам работают предприятия, развиваются города, крепнет экономика Казахстана.

Профсоюзный актив отрасли и впредь будет последовательно отстаивать ваши законные права и интересы, добиваться достойной оплаты труда, безопасных условий работы и надежных социальных гарантий. Забота о человеке труда всегда была и остается главным смыслом нашей работы.

Желаю вам крепкого здоровья, семейного благополучия, уверенности в завтрашнем дне. Пусть вас окружают тепло родных и близких, уважение коллег и заслуженное признание вашего нелегкого труда.

С праздником, дорогие друзья!

С Днем металлурга!

Құрметпен,

Төраға                                                                            Асылбек Нұралин

 

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *