Шахтер күнімен! С Днем шахтера!

Құрметті шахтерлер, тау-кен саласының ардагерлері, көмір өнеркәсібінің мамандары!

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін шахталар мен тау-кен кәсіпорындарында еңбек вахтасында жүрген барша азаматтарға шынайы ризашылығымды және зор алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз батылдықты, төзімділікті, жоғары жауапкершілікті және жанқиярлықты талап етеді. Күн сайын күрделі әрі жауапты жұмысты атқара отырып, сіздер еліміздің өнеркәсібі мен экономикасының дамуына зор үлес қосып келесіздер.

Ерекше алғысымды тау-кен саласының ардагерлеріне білдіргім келеді. Дәл сіздер еселі еңбек дәстүрлерінің негізін қалап, кәсіби мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп, жастарға баға жетпес тәжірибе, мамандыққа деген құрмет пен ортақ іске деген жауапкершілікті табыстадыңыздар.

Бүгінде өндірістік көрсеткіштермен қатар, еңбек қауіпсіздігі, лайықты жалақы, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы және еңбек адамына деген құрмет туралы айту аса маңызды. Бұл мәселелер алдағы уақытта да мемлекет, жұмыс берушілер және кәсіподақтардың басты назарында болуы тиіс.

Барша шахтерлерге, кеншілерге, сала ардагерлеріне және олардың отбасыларына зор денсаулық, бақ-береке, тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім тілеймін!

Әрбір жұмыс күні үйлеріңізге аман-есен оралумен аяқталсын, ал кеншілердің еңбегі әрдайым лайықты бағалансын!

Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты шахтерлер!

Сіздерге мықты денсаулық, қауіпсіз еңбек және жаңа жетістіктер тілеймін!

 Уважаемые шахтеры, ветераны горного дела, работники угольной отрасли!

От всей души поздравляю вас с профессиональным праздником — Днем шахтера!

Искренняя признательность и глубокая благодарность тем, кто сегодня несет свою трудовую вахту в шахтах и на горных предприятиях. Ваш труд требует мужества, выдержки, высокой ответственности и самоотдачи. Ежедневно выполняя сложную и ответственную работу, вы вносите значимый вклад в развитие промышленности и экономики нашей страны.

Особые слова благодарности хочу адресовать ветеранам горной отрасли. Именно вы заложили славные трудовые традиции, воспитали не одно поколение профессионалов и передали молодежи бесценный опыт, уважение к профессии и ответственность за общее дело.

Сегодня особенно важно говорить не только о производственных результатах, но и о безопасности труда, достойной заработной плате, социальной защищенности работников и уважении к человеку труда. Эти вопросы должны и впредь оставаться в центре внимания государства, работодателей и профсоюзов.

Желаю всем шахтерам, горнякам, ветеранам отрасли и их семьям крепкого здоровья, благополучия, стабильности и уверенности в завтрашнем дне!

Пусть каждый рабочий день завершается благополучным возвращением домой, а труд горняков всегда будет по достоинству оценен!

С праздником, дорогие шахтеры!

Крепкого здоровья, безопасной работы и новых трудовых успехов!

 Төраға                                                                             Асылбек Нұралин

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *